(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АДАМДАРҒА ӘЛЕУМ...
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 Қаулысы
(2016.07.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 15-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. «Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 46, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1131 қаулысымен
бекітілген
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 63, 69, 169, 172 және 174-баптарын іске асыру мақсатында әзірленді және сот пробациялық бақылау және әкімшілік қадағалау белгілеген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Пробация қызметі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетеді.
Редакция документа
Демо – версия документа