Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 Қаулысы (күші жойылды)

Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 28 сәуірдегі

№ 542 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі (бұдан әрі - пробация қызметі) шартты түрде сотталған адамдарға олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсетеді.

Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да ұйымдар жәрдем көрсетеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку