«Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/43 бұйрығы (2025.08.04. берілген өзгерістермен)
Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/43 бұйрығы
(2025.08.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2025.20.03. № 11-1-4/163 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Е. Ыдырысов |
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 11-1-2/43 бұйрығымен
бекітілген
нысан
Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының
нысаны
Демо – версия документа