(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДАМУҒА РЕСМИ КӨМЕКТІҢ ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫНЫҢ НЫСАНЫН БЕ...
Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/43 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Е. Ыдырысов |
Сыртқы істер министрінің
2015 жылғы 6 ақпандағы
№ 11-1-2/43 бұйрығымен
бекітілген
нысан
Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының
нысаны
№ | Көрсетілуі тиіс мәліметтер тізімі | Мемлекеттік органның немесе ұйымның атауы |
1. | Дамуға ресми көмек (бұдан әрі - ДРК) жобасының атауы |
Редакция документа
Демо – версия документа