(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2010.19.03 № 957 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы
(2015.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 19-ы.
№ 957
ҚР Президентінің 2010.29.11. № 1113 Жарлығымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.12. № 199 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 311 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 464 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 644 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.13.01. № 725 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.04.04. № 786 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.01.08. № 874 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 1030 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі
Р/с № | Атауы | Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мерзімі | Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімі | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу мерзімі | |||
1 | Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама | Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі | 2010 жылғы 1 наурызға дейін | 2010 - 2014 жылдар | 2010 жылғы 1 сәуірге дейін |
Редакция документа
Демо – версия документа