(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2010.19.03 № 957 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тізбеде көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 19-ы.
№ 957
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі
Редакция документа
Демо – версия документа