«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығы (2016.21.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығы
(2016.21.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.02.12. № 977 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 433 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2011 жылғы 30 қарашада № 31 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік куәліктер сипаттамасында:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұқабаның жоғары жағында орыс тілінде ішкі істер органының атауы жазылады, мұқабаның төменгі жағында (мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарының қызметкерлерін қоспағанда) орыс тілінде графикалық шеңберде дайындалған «Атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсат беріледі» деген мәтін бар.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірінші, кезекті және кезектен тыс арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі нұсқаулықта:
9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызметкер ұсынылып отырған арнаулы атақ туралы бөлімде осы атақтың атауы қысқартусыз, толық көрсетіледі.
Демо – версия документа