Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2015.29.01 № 71 БҰЙРЫҒЫ

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2011 жылғы 30 қарашада № 31 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке үміткерлерді іріктеу және зерделеу жөніндегі нұсқаулықта:

6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері материалдарын зерделеу кезінде үміткерлердің қызметтен босатылғаннан кейінгі еңбек қызметіне, растайтын құжаттардың бар-жоғына назар аударылады. Бір уақытта үміткерге қатысты ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаментінен, ал қосымша материалдарды алған жағдайда үміткер бұрын қызмет өткерген министрліктердің, комитеттер мен агенттіктердің осыған ұқсас бөліністерінен беделіне кір келтіретін материалдардың бар-жоғы туралы мәліметтерді сұратады.»;

11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Материалдарға: үміткерге және оның күйеуіне (әйеліне) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру туралы мемлекеттік кірістер органдарынан алған анықтаманың көшірмесі, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, өлшемі 3,5х4,5 фотосуретінің екі данасы қоса беріледі.»;

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку