«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 21 қарашадағы № 709 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдардың басшылары осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 21 қарашадағы
№ 709
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 21 қарашадағы
№ 709 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІС ПЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдардың штат санының лимитін ұлғайту:
Қазақстан Республикасының Президенті енгізетін төтенше жағдайға ден қою қажет болған;
орталық мемлекеттік органдар немесе олардың ведомстволары құрылған;
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс өзгерген;
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өзге жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бос штат бірліктерін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Демо – версия документа