Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілде № 427 Жарлығы (2024.21.11 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілде № 427 Жарлығы

(2024.21.11 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын және оның ұзақ мерзімді «Кәсіби мемлекет» басымдығын орындау мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2000 жылғы 1 қазанға дейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жақсарту, олардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру, басқару буындарының санын қысқарту жөніндегі түбегейлі шаралар кешенін әзірлесін;

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығының орындалу барысы және оны іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2001 ж. 7 ақпандағы № 11-ө өкімін қараңыз

2) орта буын басшыларының - министрліктер құрамындағы комитеттер мен департаменттердің, агенттіктердің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен нақты міндеттерге қарай олардың рөлі мен жауапкершілігін күшейтсін;

ҚР Президентінің 2007.27.11. № 447 Жарлығымен (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) министрліктер ведомстволарының санын, штат санының лимиттерін, министрлер орынбасарларының санын ұлғайтуды тек қана Мемлекет басшысының не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен жүргізетін болсын;

ҚР Президентінің 2024.03.01. № 429 Жарлығымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции