(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес
және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 31
шілде № 427
Осы редакция 2007 жылғы 27 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын және оның ұзақ мерзімді "Кәсіби мемлекет" басымдығын орындау мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) 2000 жылғы 1 қазанға дейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жақсарту, олардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру, басқару буындарының санын қысқарту жөніндегі түбегейлі шаралар кешенін әзірлесін;
2) орта буын басшыларының - министрліктер құрамындағы комитеттер мен департаменттердің, агенттіктердің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен нақты міндеттерге қарай олардың рөлі мен жауапкершілігін күшейтсін;
3) ведомстволардың санын, министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың штат санын, олардың басшы лауазымды тұлғаларының санын ұлғайтуды тек қана Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Республика Президенті Әкімшілігінің келісімімен жүргізетін болсын;
4) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жеделдетсін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдардың неғұрлым дайын жүйелерінің базасында оның негізгі элементтерін пысықтап, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін кезең-кезеңімен құруға 2000 жылдың соңына дейін кіріссін;
5) олардың тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды іздестірсін;
Редакция документа
Демо – версия документа