Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СУДЬЯЛЫҚҚА КАНДИДАТТЫҢ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУІ ТУРАЛЫ ЕР...

ҚР Президентінің 2013.02.07. № 595 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.22.02. № 201 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2019.05.04. № 16 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2001 жылғы 26 маусымдағы

№ 643 Жарлығымен

бекітілген

 

Осы редакция 2023 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы
ереже

(2022.07.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің шарттары мен тәртібін белгілейді.

2. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің негізгі міндеттері жергілікті соттардағы жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру болып табылады.

Тағылымдамадан өту судьялыққа кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.

Тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа «Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен белгіленген бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70% мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку