Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 353 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2025 жылғы 21 мамырдағы

№ 353 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен жасалатын мәмілелердің

тізбесі

 

1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:

1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;

2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;

3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;

4) корпоративтік бағалы қағаздар;

5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;

6) жылжымайтын мүлік (Mortgage-backed security - MBS) және активтер (Asset-backed security - ABS) кепілге қойылған бағалы қағаздар;

7) акциялар;

8) туынды қаржы құралдары;

9) құрылымдық өнімдер;

10) валюталар;

11) ақша нарығы қорлары;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку