«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Кодексі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОДЕКСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ
Осы Кодексті іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 62-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі қағидаттары
5-бап. Бюджет процесіне қатысушылар
6-бап. Бюджет процесін цифрлық трансформациялау
2-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
8-бап. Талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын бюджет түрлері
9-бап. Бюджет құрылымы, бюджеттің түсімдері мен шығыстары
3-тарау. БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА
10-бап. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың анықтамасы және құрамы
11-бап. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы
12-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
13-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
14-бап. Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) түрлері
4-тарау. ШЫҒЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТЕТІКТЕРІ
17-бап. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобалардың ерекшеліктері
18-бап. Резервтер туралы жалпы ережелер
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв
20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері
21-бап. Резервтердің пайдаланылуы туралы есептілік
6-тарау. БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІ БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА БӨЛУ
22-бап. Түсімдерді бөлу туралы жалпы ережелер
23-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
24-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдер
25-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
26-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін түсімдер
27-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер
28-бап. Салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдер
7-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ
29-бап. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу туралы жалпы ережелер
30-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары
31-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары
32-бап. Облыстық бюджеттің шығыстары
33-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің шығыстары
34-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің шығыстары
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
36-бап. Мемлекеттік органның даму жоспары және оны қарау тәртібі
37-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары және оны қарау тәртібі
9-тарау. ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ТРАНСПАРЕНТТІЛІК
39-бап. Есеп беру және транспаренттілік туралы жалпы ережелер
40-бап. Бюджет процесінің құжаттарын жариялау және талқылау
42-бап. Нәтижелерді басқару жөніндегі жалпы ережелер
44-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
46-бап. Нәтижелерді бағалау жүйесі
3-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ
11-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
47-бап. Мемлекеттік қаржыны басқару туралы жалпы ережелер
48-бап. Бюджеттік қағидалар жүйесі
49-бап. Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелері
50-бап. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы
51-бап. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
52-бап. Бюджет түсімдерін болжау
53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп
54-бап. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп
55-бап. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің бюджеттен тыс қызметі
56-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет процесіне қатысуы туралы жалпы ережелер
12-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ
57-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы жалпы ережелер
58-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері
59-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
62-бап. Нысаналы талаптар және нысаналы жинақтар
13-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАРЫ
65-бап. Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары туралы жалпы ережелер
66-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
67-бап. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры
68-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры
69-бап. Арнаулы мемлекеттік қор
4-БӨЛІМ. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ, ҚАРАУ, БЕКІТУ, НАҚТЫЛАУ, ТҮЗЕТУ, СЕКВЕСТРЛЕУ
14-тарау. БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
70-бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
71-бап. Бюджетті жоспарлау процесі
72-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру
74-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері және оларды айқындау тәртібі
75-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымы және оны қарау тәртібі
15-тарау. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
76-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
77-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
78-бап. Бюджетаралық қатынастардың қағидаттары
79-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер және оларды жоспарлау туралы негізгі ережелер
80-бап. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау процесі
82-бап. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
84-бап. Бюджетаралық қатынастар саласындағы мониторингтеу
16-тарау. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ ПРОЦЕСІ
85-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер
86-бап. Республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу
88-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу
17-тарау. БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКІТУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
90-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер
91-бап. Жергілікті бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер
94-бап. Бюджетті нақтылау туралы жалпы ережелер
95-бап. Республикалық бюджетті нақтылау
96-бап. Жергілікті бюджетті нақтылау
19-тарау. СЕКВЕСТРЛЕУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ТҮЗЕТУ
20-тарау. ТӨТЕНШЕ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ, ЕНГІЗУ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ
99-бап. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеуге, енгізуге немесе оның қолданысын тоқтатуға негіз
100-бап. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
21-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
101-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
103-бап. Бюджеттің атқарылу процесі
22-тарау. БЮДЖЕТТІҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ АТҚАРЫЛУЫ
104-бап. Бюджеттің қазынашылық атқарылуы туралы жалпы ережелер
107-бап. Бюджеттің түсімдер бойынша қазынашылық атқарылуы
108-бап. Бюджеттің шығыстар бойынша қазынашылық атқарылуы
109-бап. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері
110-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық валютамен және шетел валютасымен жүзеге асыру
114-бап. Қазынашылық мониторинг
23-тарау. ҚАРЖЫ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
115-бап. Бюджет қаражатын пайдалану және толық пайдалану ерекшеліктері
116-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары
24-тарау. БЮДЖЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУ, БЮДЖЕТТІК ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК МОНИТОРИНГ
117-бап. Бюджеттік есепке алу және бюджеттік есептілік жөніндегі жалпы ережелер
118-бап. Бюджеттік есептіліктің түрлері
120-бап. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну
25-тарау. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП
121-бап. Жылдық есеп туралы жалпы ережелер
122-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
126-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
26-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІ
130-бап. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі
131-бап. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі
132-бап. Қаржылық есептілікті ұсыну
27-тарау. ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
133-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы жалпы ережелер
135-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есебі
28-тарау. ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ БОРЫШТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БАСҚАРУ
136-бап. Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін басқару және қарыз алу туралы жалпы ережелер
137-бап. Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін басқару
139-бап. Үкіметтік борыш және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы
140-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышы және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы
141-бап. Мемлекет кепілдік берген борыш және мемлекеттік кепілдік
142-бап. Мемлекеттік кепілдікті орындау
143-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік
145-бап. Мемлекет кепілгерлігі
147-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
148-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалар туралы жалпы ережелер
149-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау
150-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету
151-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
153-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау
154-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы жалпы ережелер
155-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдау рәсімдері
156-бап. Бюджеттік кредит беру рәсімі
157-бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
158-бап. Бюджеттік кредитке қызмет көрсету
159-бап. Бюджеттік кредитті өтеу
161-бап. Бюджеттік кредиттерді бақылау
162-бап. Бюджеттік кредиттерді мониторингтеу және есепке алу
163-бап. Байланысты және байланысты емес гранттар туралы жалпы ережелер
164-бап. Байланысты гранттарды жоспарлау
165-бап. Байланысты гранттарды тарту
166-бап. Байланысты гранттарды пайдалану
167-бап. Байланысты гранттардың пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау
8-БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
171-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
172-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және ол барлық жеке және заңды тұлғаға қолданылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің ережелері, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның ведомстволарына және оның құрылымына кіретін ұйымдарға, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Осы Кодекстің ережелері мемлекеттік құпиялар, Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, жедел-іздестіру, барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси қызметін, қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сот жүйесін қаржыландыру, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды қаржыландыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың кезекті қаржы жылына арналған тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, тиісті қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.
6. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының негізгі мақсаты мен міндеттері және бюджет қаражатын алушыларға қойылатын жалпы талаптар
1. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының негізгі мақсаты жүргізіліп жатқан бюджет саясатына сәйкес мемлекеттік басқарудың стратегиялық мақсаттарын, мемлекеттің міндеттері мен функцияларын оларға қол жеткізу немесе іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының көлемдерімен үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының негізгі міндеттері:
1) бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, қағидаттары мен тетіктерін белгілеу;
2) бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттеу;
3) бюджет жүйесінің қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржы мен бюджетті тиімді басқару үшін құқықтық негіздер құру болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін мынадай талаптар көзделеді:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың және бюджет қаражатын өзге де алушылардың Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау процесінен тыс кезде бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың және бюджет қаражатын өзге де алушылардың бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның, сондай-ақ қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік қазынашылықтың келісімінсіз Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы баптың 2-тармағында белгіленген міндеттерін орындау тетіктерін немесе құралдарын өзгертуге байланысты ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады;
жергілікті уәкілетті салалық мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісімінсіз және осы Кодекстің 73-бабының 2-тармағында көзделген рәсімдерді сақтамай орталық салалық мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарын ұлғайту, қысқарту және (немесе) қайта бөлу туралы ұсыныстарын келісуіне тыйым салынады.
4. Жергілікті қоғамдастық жиналысы қарайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары арасындағы келіспеушіліктерді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
2) бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры;
3) бюджет жүйесі - бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджет процестері мен қатынастардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, бюджеттен тыс қорлармен қатынастардың жиынтығы;
4) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншікке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақшасы мен өзге де активтері;
5) бюджет қаражатының игерілмеуі - бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың бастамаларына арналған резервтің бөлінбеген қалдығын, Қазақтан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферттердің қайтарылуын және есепті қаржы жылында бөлінген, осы Кодекске сәйкес толық пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қайтарылуын шегергенде, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан асып кетуі;
6) бюджет процесі - бюджет процесіне қатысушылардың бюджетті болжау, жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, секвестрлеу және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мониторинг және нәтижелерді бағалау кезеңдеріндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында регламенттелген қызметі;
7) бюджет саясаты - мемлекеттік қаржының орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқару жөніндегі шаралардың жиынтығы;
8) бюджеттен тыс қор - негізгі мақсаты республиканы немесе өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыру болып табылатын, мемлекет құрылтайшысы және жалғыз акционері болып табылатын заңды тұлға немесе қолма-қол ақшаны бақылау шоты нысанында құрылатын орталықтандырылған ақша қоры;
9) бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалуы - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражаты толық игерілген кезде қол жеткізбеу;
10) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
11) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар;
12) есепті қаржы жылы - жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
13) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
14) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
15) қаржы жылы - бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
16) қаржыландыру - бюджет ақшасын оны алушыларға бөлу;
17) қысқа мерзімді кезең - ұзақтығы бір жылға дейінгі кезең;
18) мемлекет активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар;
19) мемлекеттік инвестициялық жоба - жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңартуды қоса алғанда, активтер құруға және (немесе) дамытуға бағытталған, осы Кодексте көзделген іс-шаралар кешені;
20) мемлекеттік қаржы - республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бюджеттен тыс қорлардың мемлекеттік сектордың активтері мен міндеттемелерін қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу кезінде туындайтын қатынастар жүйесі;
21) мемлекеттік қаржының орнықтылығы - ұзақ мерзімді кезеңде мемлекет міндеттемелерін ескере отырып, оның міндеттері мен функцияларының іске асырылуын қаржыландыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік қаржының жай-күйі;