«Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 44) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мына бұйрықтардың:
1) «Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22651 болып тіркелген);
2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі 4-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31773 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Демо – версия документа