(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ, БАСҚА ДА ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары
әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы
(2014.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2013.28.05. № 573 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілерінің сипаттамасы мен суреттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери киім нысанының ескі үлгілерін кию мерзімінің өтуін ескере отырып, тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде кезең-кезеңімен осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 шілдедегі № 146 Жарлығы;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 805 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат).
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2011 жылғы тамыздың 25-і.
№ 144
Президентінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 144 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Редакция документа
Демо – версия документа