Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 573 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінде:

127-тармақта:

екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілерінде ашық көгілдір (көгілдір) түсті орталық алаңы және алтын (сары) жиекпен көмкерілген ашық көк (көк) түсті сыртқы шеңбері бар дөңгелек қалқан.

Ашық көк (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: жоғарғы жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі жағында «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу бар. Жазулар күміс (ақ) түспен орындалған.

Қалқан ортасында ашық көгілдір (көгілдір) түсті алаңда, оның да жеті доғал бұрышты сәулесі бар алтын (сары) негізде, күрең қызыл (қанық қызыл) түсті жеті бұрышты айшықты жұлдыз орналасқан.

Лағыл түсті жұлдыз ортасында - кіші қалқан.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку