Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАУАР ТАҢБАСЫНА, СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІККЕ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘ...

Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылғы 11 қазандағы

№ 1481 бұйрығына

4-қосымша

 

 

«Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке және өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты беруді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) әзірленді.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:

1) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке және заңды тұлғамен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.

Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады.

2) портал арқылы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку