Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ ...

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығы

(2019.01.08. берілген өзгерістермен)

Осы редакция 2020 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Бас Прокурорының м.а. 2019.01.08. № 80 бұйрығымен преамбула жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес», БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет және жұмыста қолдану үшін, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

А. Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2015 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 147 бұйрығына 1-қосымша

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку