Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2019 жылғы 1 тамыздағы № 80 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2019 жылғы 1 тамыздағы № 80 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының міндетін

атқарушысының

2019 жылғы 1 тамыздағы

№ 80 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы

өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының

ТІЗБЕСІ

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку