Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҮГЕДЕКТЕРДI АРНАУЛЫ ЖҮРІП-ТҰРУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМА...

Осы редакция 2020 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.28.04. № 103 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.30.01. № 33 бұйрығымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 22 қаңтардағы

№ 26 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету

қағидалары

(2020.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.

2. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады.

3. Мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз ету мүгедектің немесе оның заңды өкілінің не мүгедектіктен сенімхат алған адамның өтініші (бұдан әрі - өтініш беруші) негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен немесе Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес медициналыө-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен әзірленген оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Жұмыс берушінің кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен ОЖБ-ға сәйкес қамтамасыз етіледi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку