(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҮГЕДЕКТЕРДI АРНАУЛЫ ЖҮРІП-ТҰРУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМА...
Осы редакция 2017 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
4-қосымша
Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен мүгедектердi қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
2. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады.
3. Техникалық көмек мүгедектердi бөлмеде жүріп-тұруға және/немесе серуендеуге арналған кресло-арбалармен (бұдан әрі - кресло-арбалар) қамтамасыз етуден тұрады.
4. Мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған өтінiштердiң (бұдан әрі - өтініш), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органы әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - ОЖБ) негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледi.
Редакция документа
Демо – версия документа