Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы (2023.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы

(2023.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.02.03. № 19 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.22.11. № 478 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 83 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020.30.01. № 6 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023.27.04. № 51 бұйрығымен (2023 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандары, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандары:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;

3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;

4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;

5) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции