«Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 478 бұйрығы
«Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 478 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандары, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандары:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлға өтiнiшінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлға өтінішінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлға өтiнiшінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға арналған лицензияны алуға арналған өтініштің нысаны;
Демо – версия документа