(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2014 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2013.27.08. № 521 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
16-қосымша
Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді
ішкі істер органдарының кадрларынан шығару
қағидасы
(2013.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы қағида қызметкерлердің қызметін тоқтатумен байланысты қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, оларды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрынан шығару тәртібін айқындайды.
Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатуға:
1) ішкі істер органдарынан жұмыстан шығу;
2) ішкі істер органдары қызметкерінің өлімі (қаза болуы) немесе заңды күшіне енген сот шешіміне сәйкес қайтыс болды деп жариялау;
3) қызметкерді «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ұшты-күйлі жоғалған немесе қабілеті жоқ, қабілеті шектеулі деп тану негіз болып табылады.
2. Ішкі істер органдарының кадрынан шығару
1. ІІО-да қызметін тоқтатқан қызметкерлер ІІМ-нің кадрынан шығарылады.
ІІО-да қызметін тоқтату қызметкерлерді ІІО-дан шығару туралы болмаса сот ұшты-күйлі жоғалған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, сондай-ақ қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерлерді жеке құрамның тізімінен шығару туралы тиісті бастықтардың бұйрықтарымен ресімделеді.
2. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.
3. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ ІІМ-нің білім беру ұйымдарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтік куәлігін тапсырады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге ІІО зейнеткері куәлігі беріледі.
Редакция документа
Демо – версия документа