Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.05 № 246 БҰЙРЫҒ...

Осы редакция 2013 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 мамырдағы

№ 246 бұйрығына

16-қосымша

 

Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару туралы
нұсқаулық
 
 
1. Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығару

 

1. ІІО-да қызметiн тоқтатқан қызметкерлер ІІМ-нің кадрынан шығарылады.

IІО-да қызметiн тоқтату қызметкерлердi ІІО-дан шығару туралы болмаса сот ұшты-күйлi жоғалған, хабар-ошарсыз кеткен деп ұйғарған, сондай-ақ қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерлерді жеке құрамның тiзiмiнен шығару туралы тиісті бастықтардың бұйрықтарымен ресiмделедi.

2. Егер жұмыстан шығарылатындар әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.

3. Жұмыстан шығарылатын қызметкерлер, сондай-ақ ІІМ-нің оқу орындарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтiк куәлiгiн тапсырады. Зейнеткерлiкке шыққан қызметкерлерге ІІО зейнеткерi куәлiгi берiледi.

4. Өз еркі бойынша жұмыстан шығатын қызметкерлер жұмыстан шығу жоспарланған күннен кемiнде бір ай бұрын өздерi қабылдаған шешiм туралы тiкелей басшысына ескертiп, ол туралы жазбаша баянат бередi.

5. «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген негiздемелер бойынша жұмыстан шығарылатын қызметкерлер бұл туралы жұмыстан шығарудан кемiнде бір ай бұрын хабардар етiледi. Бұл үшін кадр аппараты Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес хабарлама беріп, қол қойдырады, қажет болған жағдайда Нұсқаулыққа -қосымшаға сәйкес хабарлама береді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку