(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2014.18.09 № 404 БҰЙРЫҒЫ
Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығы
(2014.14.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2014.14.11. № 495 бұйрығымен кесте жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 404 бұйрығына
1-қосымша
Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының
бақылау шоты арасында бөлу
кестесі
Атау | КОДТАР | БЮДЖЕТКЕ %-БЕН ЕСЕПТЕЛЕДІ | |||||||
Санаты | Сынып | Кіші сынып | Ерекшелігі | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджеттер | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты | |||
Облыстық бюджет | Республикалық маңызы бар қала, астана | Аудан, облыстық маңызы бар қала | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Салықтық түсімдер | 1 | ||||||||
Табыс салығы | 1 | 01 |
Редакция документа
Демо – версия документа