«Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 495 бұйрығы
«Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 495 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 495 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 404 бұйрығына
1-қосымша
Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының
бақылау шоты арасында бөлу
кестесі
Демо – версия документа