Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 77 бұйрығы (күші жойылды)

Жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 77 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 471 бұйрығымен күші жойылды

 

«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған жеке кәсiпкерлiк саласында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті (С. Камели):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ресми он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдар және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. «Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсiпкерлiк саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 241 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 197/НҚ бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8721 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку