«Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 241 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 197/НҚ бірлескен бұйрығы (күші жойылды)
Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 241 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 197/НҚ бірлескен бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті (Қ. Ертуғанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушы |
М. Құсайынов |
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары - Қазақстан
Документ утратил силу
Демо – версия документа