(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 ЖЫЛҒЫ 10 АҚПАНДАҒЫ № 145 ҚАУЛЫСЫ
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 Қаулысы
(2013.16.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 366 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.03.05 № 362 (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2007.12.04 № 294 Қаулыларымен; ҚР Үкіметінің 2007.18.10 № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 (бұр.ред.қара); 2009.24.03. № 388 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.04. № 366 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын:
Редакция документа
Демо – версия документа