(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 ЖЫЛҒЫ 10 АҚПАНДАҒЫ № 145 ҚАУЛЫСЫ
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 Қаулысы
(2011.13.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.3.3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.03.05 № 362 (қолданысқа енетін мерзімін қара); 2007.12.04 № 294 Қаулыларымен; ҚР Үкіметінің 2007.18.10 № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.21.11. № 1080 (бұр.ред.қара); 2009.12.03. № 294 (бұр.ред.қара); 2009.24.03. № 388 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 335 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттеріне, мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және/немесе мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), заңнамада белгіленген тәртіппен жыл сайын:
1) ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 808 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа