(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 10 АҚПАНДАҒЫ № 145 ҚАУЛЫСЫ
Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк
кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарды оңтайландыру мақсатымен олардың
әкiмшiлiк шығыстарының мониторингін жүргiзу тетiгiн анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.3.3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын немесе мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiн қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) жыл сайын жоспарланған жылдың бiрiншi тоқсанынан кешiктiрмей акционерлiк қоғамдар директорлар кеңесiнiң (мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн - мемлекеттiк басқару органының) мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттiк берiлген орган бекiткен нысан бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұйымның өткен кезеңдегi әкiмшiлiк шығыстары сметасының атқарылуы туралы есебiн және жоспарланған кезеңге арналған әкiмшiлiк шығыстарының сметасын бекiтуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген бекiтiлген құжаттардың көшiрмелерiн, оларды бекiткеннен кейiн 5 күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттiк берiлген тиiстi органға берудi қамтамасыз етсiн;
3) әкiмшiлiк шығыстардың сметасын қарау және бекiту кезiнде:
Редакция документа
Демо – версия документа