(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.10 № 1145 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1477 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1477 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мүдделі министрліктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1477 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
Редакция документа
Демо – версия документа