Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1477 Қаулысы

«Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1477 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Мүдделі министрліктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар үшін индикаторларын есептік тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде жариялау бойынша шаралар қабылдасын.»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку