(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.04.03 № 225 ҚАУЛЫСЫ
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 Қаулысы
(2014.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру тетігін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 225 қаулысымен
бекітілген
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы
(бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
ҚР Үкіметінің 2012.02.08. № 1016 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «сауықтыру жоспары», «Сауықтыру жоспары», «сауықтыру жоспарлары», «сауықтыру жоспарында», «сауықтыру жоспарына», «сауықтыру жоспарларын», «сауықтыру жоспарында» деген сөздер «оңалту (сауықтыру) жоспары», «Оңалту (сауықтыру) жоспары», «оңалту (сауықтыру) жоспарлары», «оңалту (сауықтыру жоспарында)», «оңалту (сауықтыру) жоспарына», «оңалту (сауықтыру) жоспарларын», «оңалту (сауықтыру) жоспарында деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.19.02. № 117 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама)
|
Редакция документа
Демо – версия документа