«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 117 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 117 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 Қаулысымен 2017 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 117 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Нысаналы индикаторлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысаналы индикаторлары
50 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды сауықтыру;
Бағдарламаға қатысушы кәсіпорындардың қолданыстағы жұмыс орындарының кемінде 70 пайызын сақтау.»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері
2011 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет қаржыландыру көзі болып табылады, оның ішінде 2011 жылға - 8,756 млрд. теңге. Алдын ала бағалау бойынша: барлық әлеуетті қатысушылар Бағдарламаға қатысқан, барлық оңалту (сауықтыру) жоспарларының ең жоғары субсидиялау мерзімі (5 жыл) болған, барлық оңалту (сауықтыру) жоспарлары кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауды талап еткен кездегі ең пессимистік сценарий бойынша шығыстар 145,404 млрд. теңгеге дейін құрауы мүмкін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа