(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2000 ЖЫЛҒЫ 5 ШІЛДЕДЕГІ № 72-ІІ ЗАҢЫ
Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 72-ІІ Заңы
(2014.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 227-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР 2014 жылғы 4 шілдедегі № 233-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң қылмыстық процеске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн, заңды құқықтарын, мүдделерiн мемлекеттік қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының жүйесiн белгiлейдi.
2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске
қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Редакция документа
Демо – версия документа