Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2000 ЖЫЛҒЫ 5 ШІЛДЕДЕГІ № 72-ІІ ЗАҢЫ

Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 72-ІІ Заңы
(2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң қылмыстық процеске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн, заңды құқықтарын, мүдделерiн мемлекеттік қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының жүйесiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету

Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарын мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету - аталған адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне нақты қол сұғу қаупi төнген кезде қолданылатын, уәкiлеттi мемлекеттік органдардың осы Заңда көзделген қауiпсiздiк, құқықтық және әлеуметтiк қорғау шараларын (бұдан әрi мемлекеттік қорғау шаралары) жүзеге асыруынан тұрады.

2-бап. Қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi органдар

Қорғалатын адамдардың қауiпсiздiгiн:

1) қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiм қабылдаушы орган;

2) қауiпсiздiк шараларын жүзеге асырушы орган қамтамасыз етедi.

3-бап. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдар

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен осы Заңға сәйкес:

1) судьялар;

2) қосшы билер;

3) прокурорлар;

4) тергеушiлер;

5) анықтаушылар;

6) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы адамдар;

7) қорғаушылар;

8) сарапшылар;

9) мамандар;

10) сот отырыстарының хатшылары, сот приставтары;

11) жәбiрленушiлер;

12) куәлер;

13) сезiктiлер;

14) айыпталушылар;

15) аудармашылар;

16) куәгерлер;

17) заңды өкiлдер, өкiлдер;

18) азаматтық талапкерлер, азаматтық жауап берушiлер;

19) осы баптың 1) - 18) тармақшаларында аталған адамдардың отбасы мүшелерi, жақын туыстары мемлекеттік қорғауға жатады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку