Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 373-ІІ ЗАҢЫ

Инвестициялар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы

(2014.12.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жинақтауыштар - жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиісті тізбесіне енгізілген құрамдас бөліктер;

2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық келiсiмшартқа өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын қосымша;

3) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку