(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 373-ІІ ЗАҢЫ
Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының
2003 ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы
(2007.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту;
2) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі;
3) инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар;
4) инвестициялық жоба - жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені;
5) инвестициялық дау - инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын дау;
6) инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жузеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа