Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАҢТАРДАҒЫ № 373-ІІ ЗАҢЫ

Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының
2003 ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы

Осы редакция 2005 ж. 4 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту;

2) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметі;

3) инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар;

4) инвестициялық жоба - жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені;

5) инвестициялық дау - инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын дау;

6) инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жузеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;

7) мемлекеттік заттай гранттар - Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының меншігіне не жер пайдалануына өтеусіз берілетін мулік;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку