(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.11.12 № 2091 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 401 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 361 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 2091 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрінің міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің сектор меңгерушісі
Редакция документа
Демо – версия документа