(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.11.12 № 2091 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 2091 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы
| - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға |
Омаров Қайрат Ермекұлы
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Нұрсұлтан Назым Алтайқызы
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, хатшы |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице- министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрі |
Сүлейменов Тимур Мұратұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Редакция документа
Демо – версия документа