(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.26.04 № 110 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 Қаулысы
(2014.23.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 сәуірдегі
№ 110 қаулысымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.03.02. № 14 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:
1) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;
жарғы (оқшауланған бөлімшелер үшін - Ереже) немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің жүзеге асырылу фактісін растайтын құжат;»;
3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа