(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2013.26.04 № 110 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 Қаулысы
(2013.27.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 сәуірдегі
№ 110 қаулысымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерде:
8-3-2-тармағының екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі.»;
5) тармақша алып тасталсын.
Редакция документа
Демо – версия документа