(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ 14.04.97 Ж. № 93...
Атом энергиясын пайдалану туралы
1997 жылғы 14 сәуiрдегі № 93-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға ядролық қаруды тараптау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап толықтырылды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік реттеу - ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі нормалар мен ережелердi әзiрлеу, бекіту және күшiне енгізу, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялау, бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi органның қызметi;
көму - ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы;
атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде атом энергиясын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
орналастыру пункттерi - радиоактивтi заттарды сақтауға немесе радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған арнаулы тұрақты объектiлер мен құрылыстар;
радиациялық қауiпсiздiк - қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi белгiлеген нормаларға сәйкес шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi;
Редакция документа
Демо – версия документа