(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ 14.04.97 Ж. № 93...
Атом энергиясын пайдалану туралы 1997 жылғы 14 сәуiрдегі № 93-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.07.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға ядролық қаруды тараптау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-бап толықтырылды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік реттеу - ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі нормалар мен ережелердi әзiрлеу, бекіту және күшiне енгізу, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялау, қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi органның қызметi;
көму - ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы;
иондандырушы сәуле көздерi - иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабiлеттi радиоактивтi заттар, қондырғылар (ядролық қондырғыларға жатпайды), аппараттар мен объектiлер;
бақылау - нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар талаптарының орындалуын тексеру жөніндегі уәкiлеттi орган мен пайдаланушы ұйымның үнемi жүзеге асыратын iс-әрекетi;
қадағалау - атом энергиясын пайдалану процесiн реттеу мақсатында уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң, лицензиялар мен халықаралық шарттар ережелерiнiң орындалуын тексеру жөніндегі iс-әрекетi;
орналастыру пункттерi - радиоактивтi заттарды сақтауға немесе радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған арнаулы тұрақты объектiлер мен құрылыстар;
Редакция документа
Демо – версия документа