Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Атом энергиясын пайдалану туралы 1997 жылғы 14 сәуiрдегі N 93-1

Қазақстан Республикасының Заңы

Осы редакция 2004 ж. 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Осы Заң атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға ядролық қаруды тараптау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

мемлекеттiк реттеу - ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен ережелердi әзiрлеу, бекiту және күшiне енгiзу, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялау, қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметi;

көму - ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн жағдайда радиоактивтi қалдықтардың оларды қайта алу ниетiнсiз орналастырылуы;

иондандырушы сәуле көздерi - иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабiлеттi радиоактивтi заттар, қондырғылар (ядролық қондырғыларға жатпайды), аппараттар мен объектiлер;

бақылау - нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар талаптарының орындалуын тексеру жөнiндегi өкiлеттi мемлекеттiк органдар мен пайдаланушы ұйымның үнемi жүзеге асыратын iс-әрекетi;

қадағалау - атом энергиясын пайдалану процесiн реттеу мақсатында өкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, лицензиялар мен халықаралық шарттар ережелерiнiң орындалуын тексеру жөнiндегi iс-әрекетi;

орналастыру пункттерi - радиоактивтi заттарды сақтауға немесе радиоактивтi қалдықтарды көмуге арналған арнаулы тұрақты объектiлер мен құрылыстар;

радиациялық қауiпсiздiк - қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi белгiлеген нормаларға сәйкес шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку