(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.26.01 № 61 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 61 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 2011.19.05. № 544 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 535 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:
1) экономика;
2) (құпия);
3) мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысын бекітуді;
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа